Екібастұз маңында жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізушісі мерт болды

Екібастұз маңында пойыз апатынан жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

24 қаңтарда сағат 17:10 шамасында Екібастұз қаласындағы Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін темір жол өткелінде 49 жастағы жүк тиегіш арнайы техникасы электровозбен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына жүк тиегіш, депоға электровоз қойылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1591 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить