Бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлайды
25 января 2023
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлайды.
«25 қаңтарда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Астана және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», - делінген мәліметте. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Вам может быть интересно: «200 детей-беженцев пропали без вести из гостиниц Великобритании»
1576 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях: