ҚР сайлау заңнамасының жаңа енгізулері туралы ОСК-да айтылды

4138

«Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының жаңа енгізілімдері туралы» Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов баяндады, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі.

Ол Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының алдағы кезектен тыс сайлауы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына енгізілген түзетулерге сәйкес жаңа форматта өтетінін хабарлады.

Конституциялық заңның 9-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген жаңа қағидалар бойынша:

- Мәжіліс депутаттары ағымдағы жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады;

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың депутаттарының жартысы бірыңғай аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі арқылы, екінші жартысы аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады;

- аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Егер бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтердің шекаралары әкімшілік аумақтық бірліктердің шекараларымен тұспа-тұс келсе, округтік сайлау комиссиялары құрылмайды, олардың өкілеттіктерін аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Округтік сайлау комиссиялары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыруды мен өткізуді қамтамасыз етеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить