Шардара су қоймасының 77 пайызы толды - Түркістан облыстық ТЖД

Түркістан облысындағы «Шардара» мен «Көксарай» су қоймасынан келер қауіп жоқ. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгінде Шардара су қоймасының толуы 77 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті өткен жылғы судың көлемімен салыстырсақ 41 пайызға артқанын көреміз. Қазіргі кезде су қоймасына 1176 м3/сек келіп, 1011 м3/сек су шығуда. Ал, Көксарай су реттегіші 16 пайызға толған.

«Жыл басында көктемгі тасқын суды қабылдау үшін су реттегіші бос болатын. Бүгінгі күнге қоймаға секундына 300 текше метр су жиналуда. Қызылорда облысына секундына 600 текше метр жіберіліп жатыр» - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сырдария өзені бойында 97,5 шақырымды құрайтын су тасқынына қарсы қорғаныс дамбалары тұрғызылған. Мамандардың айтуынша, олардың барлығы қалыпты жағдайда. Өткен жылы Шардара ауданы, Сүткент елді мекені тұсындағы қорғаныс дамбасы күрделі жөндеуден өткен. Сырдария өзенінен бастау алатын каналдардың тоспалары бекітіліп, топырақпен нығайтылған. Өзен бойындағы елдімекендерде орнатылған «Үлкен су» локалды құлақтандыру жүйесі дайындыққа келтірілген. Сондай-ақ, «Шардара» су қоймасына байланысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жоспары жасалған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте