«Жайлы мектеп»: Қызылорда қаласында 8 мектеп салынады

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтің айтуынша, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыс орталығында заманауи үлгідегі 8 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның бесеуінің құрылысы биыл басталады, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігінің сайты.

Атап айтқанда:

- Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп;

- сол жағалауда 400 орындық 300 орындық жатақханасымен физика-математикалық мектеп-интернаты;

- сол жағалауда 900 орындық мектеп;

- Арай мөлтек ауданында 2000 орындық мектеп;

- КБИ мөлтек ауданында 600 орындық мектеп;

- СПМК 70 мөлтек ауданында 2000 орындық мектеп;

- Қызылжарма ауылдық округінде 900 орындық мектеп салынады.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында №2 мектеп жанынан қосымша 550 орындық, №1 мектеп жанынан 375 орындық, № 264 мектеп жанынан 550 орындық және №3 мектеп-гимназия жанына 375 орындық қосымша ғимарат салынады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте