Криштиану Роналду жаңа командасындағы алғашқы ойынын 5 қаңтарда өткізуі мүмкін

4296

Португалдық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасы сапындағы алғашқы ойынын 5 қаңтарда өткізуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Португалдық шабуылшы 2 қаңтарда жаңа командасының сапына қосылды. Ол алғашқы ойынын алдағы бейсенбіде, 5 қаңтарда өткізу мүмкін.

«Аль-Наср» командасы 1955 жылы құрылған. Қазірге дейін өз елінің біріншілігінде тоғыз мәрте чемпион атанып үлгерді. Ал, 1998 жылы Азия кубогі иелері кубогінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Команда құрамында колумбиялық қақпашы Давид Оспина, испаниялық қорғаушы Альваро Гонсалес, аргентиналық жартылай қорғаушы Гонсало Мартинес, камерундық шабуылшы Венсан Абубакар секілді танымал футболшылар ойын көрсетеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить