Ресей қазақстандық мұнайдың Германияға транзитін қолдауға дайын
«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы Германияға 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды жеткізу үшін «Транснефть» компаниясына өтінім берді, деп хабарлайды қазақстандық компанияның сайты.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берді.
Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.
«Айта кету керек, қазақстандық мұнайды Беларусь аумағы арқылы тасымалдау үшін «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ арасында мұнай тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге шарт жасалып, іске асып жатыр» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ресей Қазақстанның «Дружба» құбыры арқылы Германияға мұнай транзитін қолдауға дайын.
Вам может быть интересно: «Оспанов Электрондық еңбек биржасы базасындағы цифрлық экожүйе туралы айтып берді»