Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия 32 маңызды іс-шара өткізді

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Ұлттық комиссия төрағасының басшылығымен ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия 32 маңызды іс-шара өткізді. Сонымен қатар 8 отырыс, 5 кеңес өткізілді. Ең өзекті мәселелер бойынша 18 мемлекеттік орган, ведомстволар мен құрылымдардың баяндамалары тыңдалды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, төраға орынбасары Ляззат Сүлеймен Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлім етті, передает ortcom.kz.

«Отырыстарда балалар мен жасөспірімдерді рухани-адамгершілік тәрбиелеу, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу шаралары, ана мен бала өлімінің проблемалары, әйелдер мен балаларды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғау, ерекше балалардың проблемаларын шешу және т. б. мәселелер талқыланды. Нақты көзқарас пен мәселелерді белсенді шешу талап етілді. Осы отырыстардың қорытындысы бойынша 157 хаттамалық тапсырма берілді. Бүгінгі таңда 33 тапсырма орындалды. Орындау мерзімі бойынша 74 тапсырма ұзақ мерзімді бақылауда», - деді комиссия төрағасының орынбасары.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте