Сараптамалық топтары есепті кезеңде 18 өңірге шығуды жүзеге асырды

Ұлттық комиссия отырыстарының ағымдағы күн тәртібі балалардың, әйелдердің, отбасылардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын арттыру саласындағы жүйелі проблемаларды еңсеру бойынша азаматтардың мүдделерін тікелей қозғайтын өзекті мәселелер негізінде қалыптастырылды. Биыл Ұлттық комиссия белсенді жұмыс істеді. Сараптамалық топтары есепті кезеңде 18 өңірге шығуды жүзеге асырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, төраға орынбасары Ляззат Сүлеймен мәлім етті, ortcom.kz деп хабарлайды.

«Ұлттық комиссия мүшелері перзентханаларға, перинаталдық орталықтарға барып, қатардағы дәрігерлермен және босанатын әйелдердің өздерімен тікелей байланыс барысында өңірлерде ана мен бала өлімінің өсу себептерін егжей-тегжейлі зерттеді. Бұл жұмысқа еліміздің белгілі сарапшылары тартылды. Қорытындысы Мемлекет басшысына жолданды. Бұл мәселе қазіргі уақытта ұлттық комиссияның бақылауында. Барлық отырыстарға министрлер, олардың орынбасарлары, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтар өкілдерінің, өңірлер әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен өтеді. Өңірлік комиссиялардың қызметін ұйымдастыру бойынша бірқатар шаралар атқарылды. Олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты нақты ұсынымдар әзірленіп, облыс, қала әкімдіктеріне жіберілді», - деді спикер.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте