ҮЕҰ үшін алғаш рет ЖАО-дан өңірлік гранттар ұсынылды

2439

2022 жылы ҮЕҰ үшін бөлінген гранттар санының ұлғаюы, сондай-ақ бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен гранттық қаржыландыру көлемінен 2 есеге өсуі байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғам төрағасы Ғалым Құрман хабарлады. Оның айтуынша, биыл 10 мемлекеттік және жеке тапсырыс берушілердің 2,2 млрд теңгеден астам сомаға 102 гранты іске асырылды. Сонымен қатар 16 конкурс шеңберінде ҮЕҰ-ның қамтылуы 1,5 есеге ұлғайып, 461 ҮЕҰ-нан 685 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Гранттық жобалар 14 әлеуметтік бағыт бойынша жүзеге асырылып, еліміздің барлық өңірін қамтыды. Грант алуға еліміздің 13 өңірінен 83 ҮЕҰ өкілі қатысты. Уәкілетті орган ағымдағы грант шеберінде 1 млн теңгеге дейінгі 634 шағын грант алды. Оның ішінде, Zhas Project проджект жобасы бойынша 252 шағын грант», - деді спикер.


Бүгінгі күні жобаларды іске асыру шеңберінде мынадай нәтижелерге қол жеткізілді: 343 млн теңгеге Еңбекақы төлеу қорымен 500-ден аса жұмыс орны құрылды, 660 астам әлеуметтік қызметтер орталығы құрылды, халықтың түрлі топтары үшін 500-ден аса оқыту іс-шарасы өткізілді, 32 мыңнан астам бенефициар нақты көмек алды. Сондай-ақ биыл алғаш рет ҮЕҰ үшін ЖАО-дан өңірлік гранттар ұсынылды. Маңғыстау, Қарағанды, Атырау, Қостанай облыстарында 8 ЖАО-дан 222,3 млн теңгеге 27 грант берілді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить