Астанада коньки тебуден «Astana Open» қалалық ашық чемпионат өтеді

3283

Елордадағы «Алау» мұзайдыны сарайында 4-6 желтоқсан күндері дүниежүзілік коньки тебу күніне орай «ASTANA OPEN» коньки тебуден қаланың ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс 5 жас санаты бойынша өтеді: кіші және одан кіші жастағы қыздар мен ұлдар арасында; орта және одан жоғары жастағы қыздар мен ұлдар; сондай-ақ жасөспірім ұлдар мен қыздар.

Бүгінгі күнге дейін чемпионатқа қатысуға түрлі өңірлерден 130-ға жуық өтінім келіп түскен. Жарыс алғаш рет өткізілуде, алдағы уақытта іс-шараны дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр.

«Жарысқа Астана қаласы әкімдігінің №2 БЖСМ спортшыларынан бөлек, Қостанай, Петропавл, Хромтау және Алматы қалаларының конькишілері қатысады. «ASTANA OPEN» қала чемпионатына барлығы 130 адам қатысуға ниет білдірген. Бұл чемпионатты алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізетін боламыз», - дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Бағдарлама бойынша жарыстың бірінші күні командалық түрде өтеді. Яғни, 4 айналым қашықтығына аралас командалық спринт. Команда құрамында 2 қыз және 2 жігіт.

Ал 5-6 желтоқсанда жарыс көпсайыс бағдарламасы бойынша өтеді:

- кіші жасқа дейінгі қыздар мен ұлдардың арақашықтығы 100м, 300м және 500м;

- кіші жастағы қыздар мен ұлдардың арақашықтығы 300м, 700м, 500м және 1000м;

- орта жастағы қыздардың арақашықтығы 500м, 1000м, және 1500м;

- орта жастағы ұлдар және одан жоғары жастағы қыздар мен ұлдар, жасөспірім ұлдар мен қыздардың арақашықтығы 500м, 1000м, 1500м және 3000м.

Чемпионатта алдағы қысқы маусымға ең мықты спортшылардан құралған Астана қаласының құрама командасы жасақталады.

Астана қаласының әкімдігі барлық конькимен сырғанау әуесқойларын салауатты өмір салтын сақтап, «ASTANA OPEN» коньки тебуден қаланың ашық чемпионатының мерекелік атмосферасын сезінуге шақырады. Іс-шараға кіру тегін.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить