Азық-түлік бір айда қай өңірде көп қымбаттады

2128

 Азық-түлік бір айда қай өңірде ең көп қымбаттады? Қай өңірде инфляция жоғары? Бұл сұрақтарға Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары айлық инфляция қараша айында Ақмола облысында тіркелді – 2% (республикалық деңгей – 1,4%)

Азық-түлік тауарларыбір айда қатты қымбаттаған өңір – Ұлытау облысы – 2,4%, республикалық деңгейден төмен көрсеткіш Маңғыстау облысында – 1%.

Қараша айында азық-түлікке жатпайтын тауарларАқмола облысындаең көп қымбаттады – 2,4%. Ал ақылы қызметтер бойыншабағаның ең үлкен өсімі Маңғыстау облысында тіркелді – 2,1%. Бұл ретте ақылы қызметтер Қостанай облысы (0,3%) және Алматы қаласында (0,1%) арзандады.

Азық-түлік тауарларының ішінде нан-тоқаш өнімдері мен жармалар Шымкентте 2,2%, Жамбыл облысында 2,2%, ет және ет өнімдері Солтүстік Қазақстан облысында – 2,5%, майлар Ұлытау облысында 3%, жеміс пен көкөніс Астанада 7,7% қымбаттады.
 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить