Мәулен Әшімбаев Ватиканның Апостолдық нунциімен кездесті

3231

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы қызметі аяқталып жатқан Ватиканның Апостолдық нунциі архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатпен кездесті.

«Кездесу барысында тараптар биылғы қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындыларын, сондай-ақ Рим Папасы Францисктің Қазақстанға апостолдық сапарының нәтижелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев понтификтің Съезге қатысуының маңызы жоғары екенін айтты. Сонымен қатар ол Қазақстан алдағы уақытта да жаһандық дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету жолында белсенділік танытуға ниетті екенін атап өтті», - делінген Сенаттың баспасөз қызметіне ұсынған хабарламада.

Одан бөлек, сұхбаттасушылар Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ олар екіжақты және көпжақты бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить