Астанада газсыз қалған үйлерге көмір жеткізілуде - әкімдік

2912

Астананың Көктал шағын ауданындағы 160 абонент қайтадан газға қосылды. Бұл туралы «QazaqGaz» ұлттық компаниясы хабарлайды.

Апатты қалпына келтіру жұмыстары түні бойы жүргізілген. 29 қараша күні сағат 9.00-ден бастап абонеттерге газ беріле бастады.

Газ беру №15 және №16 газ тарату пунктеріне жалғанған абонеттер үшін қалпына келтірілді. Бұл Ақан сері, Қараменде би Шақаұлы, Сұлутал, Сүйінбай Ақын, Айдархан Тұрлыбаев көшелерінің қиылыстарындағы үйлер деген сөз. Ал үшінші газ тарату пунктіне жалғанған 75 абонентке жылжымалы бу агрегаты қызмет көрсетеді.

«Сарыарқа» ауданы әкімдігінің аппаратында осы мәселе бойынша штаб құрылды. Аудан әкімдігі газсыз қалған үйлерге көмір жеткізуді ұйымдастырып жатыр», - делінген мәліметте.

Еске салсақ, кеше кешке аталған шағын ауданда құрылыс техникасының кесірінен 236 аобнент газсыз қалған болатын.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить