Парижде Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

2485

Францияға ресми сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Парижде салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Рәсім алдында Мемлекет басшысы Франция Республикасының туына ілтипат көрсетті. Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Содан кейін Президент Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының ісі жөніндегі министр-делегат Оливье Бештпен бірге сап түзеп тұрған Құрмет қарауылы ротасының алдынан жүріп өтті.

Еске салайық, ҚР Президенті ресми сапармен Францияға барған болатын.

Мемлекет басшысын Франция Президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube