2023 жылы Қазақстанда инфляция қарқыны бәсеңдейді

1980

Еуразиялық даму банкі 2023 жылы Қазақстанда инфляция қарқыны бәсеңдейтінін жариялады. Бұл туралы аталған банктің 2023 жылға арналған макроэкономикалық болжамын таныстыру кезінде айтылды.

«Біздің бағалауымызға қарағанда, инфляция 2023 жылдың басындағы шамамен 19 пайыздан 2023 жылдың желтоқсанында 8 пайызға дейін төмендейді. Инфляция бәсеңдеуі мүмкін, дегенмен инфляция тәуекелі әлі де жоғары деп есептейміз. Бұған негізінен сыртқы сектор ықпал етеді. Осыған орай Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 16 пайыз деңгейінде сақтайды деп ойлаймыз. Одан әрі инфляцияның тұрақты бәсеңдеуі жағдайында және сыртқы инфляциялық қысымның әлсіреуіне қарай мөлшерлеме 2023 жылдың екінші жартысында төмендей бастауы мүмкін», - деді Аналитикалық жұмыс дирекциясының елдер бойынша талдау жүргізу орталығының аға талдаушысы Айгүл Бердіғұлова.

Бұған дейін хабарланғандай, биыл қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерді.

Қазан айының қорытындысы бойынша инфляция 18,8 пайызға жетті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить