ҚР мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 30% өсті

1794

Қазақстанда ОА елдерінің қатысуымен 5 мыңға жуық компания жұмыс істейді
Биылғы қаңтар–қыркүйек айларында ҚР-ның ОА елдерімен тауар айналымы 5,6 млрд АҚШ долларын құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 29,9% артық. Оның ішінде экспорт 29,7% өсіп, 4 млрд АҚШ долларына, импорт өсіп 30,4%, 1,7 млрд АҚШ долларына жетті, finprom.kz деп хабарлайды.

Қазақстан Өзбекстанға 2,6 млрд АҚШ доллары, Тәжікстанға 591,2 млн АҚШ доллары, Қырғызстанға 519,9 млн АҚШ доллары, Түркменстанға 245,8 млн АҚШ долларына тауар жіберді.

ҚР импорты Өзбекстаннан — 917,4 млн АҚШ долларын, Тәжікстаннан — 388,1 млн АҚШ долларын, Қырғызстаннан — 273,7 млн АҚШ долларын, Түркіменстаннан — 82,3 млн АҚШ долларын құрайды.

ҚР резиденттерінің Орталық Азия елдері инвесторлары алдындағы міндеттемелері биылғы маусым айында 627,8 млн АҚШ долларын құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,8% артық.

Қазақстан резиденттерінің міндеттемелерінің ең үлкен көлемі Өзбекстан инвесторларына қатысты тіркелді: 330,1 млн АҚШ доллары, жылдық өсім 17,8%-ды құрады. Одан кейінгі орында Қырғызстан (219,3 млн АҚШ доллар, бір жылда 22,3% өсті), Тәжікстан (73,8 АҚШ млн доллар, 4,5% азайды) және Түркменстан (4,6 млн АҚШ доллар, минус 11,2%).


Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, елімізде ОА елдерінің қатысуымен 4,7 мың компания мен филиал жұмыс істеп тұр, бұл бір жыл бұрынғыдан 27,7% артық.

Ескерту: ҚР-мен сауда-саттық және ҚР резиденттерінің міндеттемелері бойынша Өзбекстан көшбасшы болса, шетелдің қатысуымен жұмыс істейтін компаниялар саны бойынша Қырғызстан көш бастап тұр: Қазақстанда 2,2 мың кәсіпорын, бір жылда 13,4% көбейген. Одан кейін Өзбекстан (ҚР-да 2,1 мың кәсіпорын), Тәжікстан (301 компания) және Түркменстан (74 компания).


Қазақстан делегациясы Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара байланыс жөніндегі конференцияға қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Конференцияның мақсаты 2021 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылған Global Gateway еуропалық стратегиясына сәйкес тұрақты байланысқа қол жеткізу үшін аймақішілік және аймақаралық диалогты дамыту, сондай-ақ Еуропа командасының Орталық Азиядағы ынтымақтастық бастамаларын таныстыру болды. Іс-шара барысында делегациялар көлік бағыттарын әртараптандыру, цифрландыру, сондай-ақ «жасыл» энергетиканы дамыту салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить