ЕЭК Кеңесінде шоколад сапасына және ЕАЭО елдерінің биржаларында бағалы қағаздар айналымына трансшекаралық рұқсатқа қойылатын талаптар бекітілді

3437

Онлайн режимде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің биржаларында бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысқа еркін трансшекаралық рұқсатты айқындайтын және шоколад өндірісіне қойылатын талаптарды күшейтетін бірқатар құжаттарды қабылдады. Қазақстандық тарапты Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин басқарды.

ЕЭК-ке мүше мемлекеттерде ұйымдастырылған сауда-саттықта бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысқа трансшекаралық рұқсат беру туралы қабылданған келісім ортақ биржалық нарықта бағалы қағаздармен эмиссиялық және сауда операцияларының еркіндігін қамтамасыз етуге, бірыңғай Еуразиялық экономикалық кеңістік мемлекеттерінің биржалық нарықтарының өтімділігінің өсуі үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл мәселені ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министрі) Бақытжан Сағынтаев көтерді және бұған дейін оны қазақстандық тарап қолдаған болатын.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесінің шешімімен Кеден одағының «тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді, бұл тұтынушыларды шоколад өнімдерін сатып алу кезінде жаңылыстырудан қорғауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, шоколад өнімдеріне өсімдік майларын (майларды), (бірқатар ерекшеліктер бар), шоколад дәмін имитациялайтын хош иістер қолдануға тыйым салатын арнайы талаптар қойылды. Қоспалары бар және қоспаларсыз какао, какао майы және басқа ингредиенттердің құрғақ қалдықтарының (ащы, қараңғы, қарапайым, тәтті, сүт және т.б.) ең төмен пайызы көрсетілген шоколад өнімдері мен какао өнімдерінің сәйкестендіру көрсеткіштері ресми түрде енгізілді. ЕАЭО периметріндегі елдердің өндірушілеріне қойылатын бірыңғай талаптардың деректерін міндетті етіп енгізу және олардың сақталуын бақылау адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар отырыста қызметтердің бірыңғай нарығын, мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру, макроэкономикалық саясат, мемлекеттік сатып алулар кезіндегі өзара банктік кепілдіктер, ЕАЭО электр энергиясының жалпы нарығындағы электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру, тауарларды бажсыз әкелу нормаларын өзгертудің орындылығы салаларындағы бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдердің мүдделерін қозғайтын мәселелер қаралды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить