Қазақстан елшісі Өзбекстан президентіне сенім грамоталарын тапсырды

4291

Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевке сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды ortcom.kz.

Тапсыру рәсімінен кейін өткен қысқаша сұхбат барысында Ш. Мирзиеев қазақ-өзбек қатынастарының саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы жай-күйі мен даму перспективаларына оң баға беріп, екіжақты қатынастарды нығайтуға деген өзара қызығушылықты атап өтті.

Өзбекстан Президенті екі ел арасында пайдаланылмаған орасан зор әлеует бар екенін атап өтіп, Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілділігін білдірді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить