Сенатта Қазақстан мен Канаданың парламентаралық ынтымақтастығы талқыланды

3679

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің төрағасы Дәурен Әділбеков Канада Премьер-Министрінің ЕО мен Еуропадағы арнаулы өкілі Стефан Дион бастаған Канада делегациясымен кездесті. Кездесуге Канада Парламентінің депутаттары, біздің елдеріміз арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелері болып табылатын Виктор Оу мен Жан-Ги Даженэ де қатысты.

Дәурен Әділбеков кездесу барысында Қазақстан мен Канада арасында жоғары деңгейде сенімді диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.

«Парламентаралық ынтымақтастық Қазақстан-Канада қатынастарының маңызды бөлігі болып табылады. Біздің депутаттар екіжақты түрдегі де, Парламентаралық Одақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы сияқты халықаралық парламенттік ұйымдар аясындағы да байланыстарды қолдап келеді. Сонымен қатар өзара парламентаралық іс-қимылдың әлеуеті әлі де зор деп санаймыз. Сіздің бүгінгі сапарыңыз екі елдің заң шығару органдары арасындағы диалогты жандандыруға жақсы негіз болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті депутат.

Канада делегациясының мүшелері екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті және мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап 30 жыл ішінде Қазақстан өзін сенімді саяси және экономикалық әріптес ретінде көрсетіп келе жатқанын жеткізді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить