АХҚО Орталық Азия қаржы реттеушілерінің арасындағы ынтымақтастық бойынша жыл сайынғы жоғарғы деңгейлі кездесуін өткізді

«Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) АХҚО, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан қаржы реттеушілерінің қатысуымен жоғарғы деңгейлі кездесу өтті. Жиында 40 адам, оның ішінде халықаралық ұйымдардың, Еуропалық даму және қайта құру Банкі, Ислам қаржы қызметтері бойынша Кеңес, Frankfurt Main Finance, Азия даму банкі, Ғаламдық даму Орталығы және өзге де бизнес өкілдері қатысты.

Жоғарғы деңгейлі кездесуді Орталық Азияны XXI ғасырда дамыту мақсатындағы достық, жағымды көршілік және ынтымақтастық бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері арасында Шолпан Ата қаласында 2022 жылдың 21 шілдесінде келісілген Келісімді жүзеге асырудағы тиісті үлес деп айтуға болады.

Былтыр 2021 жылғы желтоқсан айындағы кездесудің қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінің қаржылық реттеушілері Біріккен декларация қабылдаған еді, оған сәйкес АХҚО әлеуетін қаржылық жүйені бірігіп пайдалану, қаржы қызметтері саласындағы трансшекаралық экономикалық бастамаларды қолдау, аймаққа инвестиция тарту, реттеушілер арасындағы ынтымақтастықты арттыру көзделген.

Биылғы кездесу қатысушылары АХҚО халықаралық қаржы орталықтарының ең үздік тәжірибесін өзіне сіңірген, аймақтық жобаларға тікелей портфельдік инвестициялар тартуға тиімді алаңша деген пікірлерін білдірді.

Кездесу аясында Орталық Азия нарықтарын дамыту жолдарын, ислам қаржысы, сақтандыру мен қайта сақтандырудың рөлі, аймақтық инфрақұрылым және қаржы қызметтері саласындағы жаңа тенденциялар бойынша арнайы сессиялар ұйымдастырылды. Реттеушілік бойынша дөңгелек үстөл кезінде ұлттық қаржылық нарықтардың қазіргі жәйі мен дамыту жолдары талқыланды.
 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2751 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Казахи в Украине: бизнес в условиях войны Смотреть на Youtube