Мемлекеттік органдардың атын жамылып, тұрғындарды алдап келген алаяқтар ұсталды

3083

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция нәтижесінде алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аляқтар мемлекеттік органдар басшыларының сенімді адамдары болып көрініп, азаматтарды адастырып, әртүрлі мәселелердің шешімі үшін пара беруге итермелеу арқылы олардың қаражатын ұрлаған.

Топ мүшелерінің бірі Б.Қ.Әбдікерімов соттың санкциясымен қамауға алынды.

Басқа қатысушы М.Ж. Тұрановтан «Халықаралық полиция орталығы» («Interpol Center UN») генерал-майорының куәлігі тәркіленді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде. Аталған адамдардың басқа қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтардың мемлекеттік органдарда ойдан шығарылған байланыстармен жасырынып, қылмыстық-жазаланатын іс-әрекеттер жасауының жалғасып жатқан жағдайларына назар аударады. Барлық осындай фактілер туралы 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласуыңызды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить