Президент Іс басқармасына қарасты медорталық дәрігерлері тегін қабылдау өткізеді

3053

ҚР Президентінің Іс басқармасына қарасты Медициналық орталық ауруханасының дәрігерлері Шымкент, Жетісай қалаларында, Мырзакент, Атакент, Асықата кенттерінде халықты (18 жастан бастап) тегін қабылдайды. Бұл туралы ведомство сайты хабарлайды.

Қабылдау жыл сайынғы «Менің сүйікті дәрігерім» дәстүрлі акциясы аясында 28 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін жүргізілмек. Мақсат – халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету. Мамандар тобында кардиохирург Ерлан Денеев, ангиохирург Талғат Сәрсембаев және кардиолог Назира Алибаева бар. Сондай-ақ, Шымкент пен Мырзакент қалаларында аритмолог Ринат Камиев осы топ құрамында болады.

Қабылдау күндері мен мекенжайы:

Шымкент - 28 қараша, Шымкент жүрек орталығы

Мырзакент - 29 қараша, Аудандық орталық аурухана

Атакент - 30 қараша, Аудандық орталық аурухана

Асықата - 1 желтоқсан, Аудандық орталық аурухана

Жетісай - 2 желтоқсан, Аудандық орталық аурухана

Қабылдау уақыты: сағат 09:00-18:00 (түскі үзіліс 13:00-14:00).

Кеңес алуға келушілердің қолында жеке басын куәландыратын құжаты мен бұрынғы сараптамаларының нәтижесі болуы керек. Сондай-ақ:

- кардиохирургке: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасын, коронарография/КТ дискісін және барлық үзінді көшірмелерін, тексерулер мен талдаулар нәтижесін;

- аритмологке: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасын.

- ангиохирургке: қантамырлар УДДГ, КТ немесе аортография дискісін және барлық үзінді көшірмелерін, тексерулер мен талдаулар нәтижесін.

- кардиологке: жүрек УДДГ, ЭХОКГ хаттамасы, барлық үзінді көшірмелерін, тексерулер мен талдаулар нәтижесін әкелуге тиіс.

Дәрігерлердің қабылдауы мен оған жазылу туралы басқа да ақпаратты осы медициналық ұйымдардан алуға болады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить