![](/static/img/plug.webp)
Биылғы қаңтар–қазан айларында елімізде 4,6 млн тонна дизель отыны өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,7% артық, деп хабарлайды energyprom.kz.
Жалпы, 2021 жылы еліміздегі дизель отыны өндірісі бір жылда 6,6% артып, 5 млн тоннаны құрады.
Биылғы қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар дизель отынына деген сұранысты (ішкі нарықта сатуды және экспорт) бір жыл бұрынғы 97,3%-бен салыстырғанда 99,3%-ға қамтамасыз етті. Осы кезеңдегі өндіріс 3,6 млн тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 7,9% артық.
Дизель отынының импорты мен экспорты күтілгендей шамалы болды: тиісінше 23,8 мың тонна (бір жыл бұрынғыдан 3,9 есе аз) және 60,5 мың тонна (3,4 есе аз).
Ішкі нарықтағы сату көлемі 3,6 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,5% артық.
![](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-05-17/e3ead5ea-eaa3-4355-a28b-6639b02a8254.webp)
Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша дизель отыны бағасы бір жылда 12,5% өсті. Оның ішінде жазғы дизель отыны 1,3% арзандаса, қысқысы керісінше бірден 30,7% қымбаттады.
Өңірлер бойынша ең қатты қымбаттаған Ақтөбе облысында: бір жылда 27,9%. Одан кейін Абай (24,6% қымбаттады) және Шығыс Қазақстан (24,4% қымбаттады) облыстары. Бір жылда баға ең аз өскен Алматы облысы: 0,5%. Шымкент, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға өткен жылдың қазан айындағы деңгейде қалды. Түркістан облысында 1,8% арзандады.
![](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-05-17/5a915aa5-a608-4e2f-92e0-bf75bf629b40.webp)
Үкіметке дала жұмыстарына арналған дизель отынына акцизді төмендету ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезеңіне акциз мөлшерлемесін тоннасына 35,7 мың теңгеден 540 теңгеге дейін төмендету ұсынылды.
![](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-05-17/79936a79-56cc-4c8c-ae27-9e10447613e4.webp)
Мәжілісмен Айқын Қоңыровтың айтуынша, уәкілетті Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар қымбатшылықпен тиісті деңгейде күресе алмай отыр. Себебі — сапасыз жоспарлау, агроөнеркәсіптік кешендегі және саудадағы делдалдардың көлеңкелі секторымен күрестің әлсіздігі, отандық тауар өндірушілер мен өңдеушілерге жеткіліксіз қолдау, ақпараттық саясаттағы сәтсіз көзқарастар.
Вам может быть интересно: «Отмывание денег: уголовных преступлений стало больше сразу в полтора раза»