Қостанай облысындағы Қашар карьерінде көлік жүргізуші мерт болды

 16 қарашада Қостанай облысындағы Қашар карьерінде көлік жүргізушісінің мәйіті табылды. Бұл туралы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ ресми парақшасы хабарлайды.

«16 қараша күні Қашар карьерінде жазатайым оқиға болды. 1960 жылы туған көлік жүргізушісі өлі табылды. Аталған оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр» делінген кәсіпорынның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған баспасөз хабарламасында.

Мәліметке сәйкес, кәсіпорын қаза тапқан қызметкердің отбасына қажетті көмек көрсетеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жыл басынан бері Қостанай облысы кәсіпорындарында 60 жазатайым оқиға тіркеліп, 8 адам көз жұмған.

Ал 23 қызметкер ауыр жарақат алған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте