Қазақстандық авиадиспетчерлер футболдан әлем чемпионы атанды

5528

2022 жылдың 7-11 қарашасы аралығында Испанияның Тенерифе аралында авиадиспетчерлер арасында футболдан әлем чемпионаты өтті, оған 16 мемлекет қатысты. Қазақстан атынан "Қазақстан" және "Астана"аэронавигациялық қызметтері қызметкерлерінің екі командасы қатысты.

Турнир барысында біздің командалар Венгрия, Америка Құрама Штаттары, Кипр, Испания, Италия әуе диспетчерлерінің құрама командаларымен футбол матчтарын өткізді, онда ең ауыр күрес барысында біздің командалар жеңіске жетіп, финалға шықты.

Нәтижесінде "Қазақстан" Қазаэронавигация РМК командасы әлем чемпионы атағын жеңіп алды, ал "Астана" Казаронавигация РМК командасы - екінші орын, үшінші орынды Испанияның "Интернешнл" құрама командасы иеленді.

Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиадиспетчерлерді әлемнің аэронавигациялық қызметтері арасында елеулі жетістіктерімен құттықтайды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить