Жаркенттегі әкім резиденциясы балаларды оңалту орталығы болып өзгерді
Жаркент қаласында орналасқан облыс әкімінің бұрынғы резиденциясы балаларды оңалту орталығы болып қайта құрылды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Осы жылдың наурыз айында өңірдің бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев Жаркент қаласындағы резиденцияны балалардың қажеттіліктеріне пайдалануды тапсырды. Ғимаратты қайта жөндеуге 80 миллион теңге жұмсалды. Бір қабатты ғимараттың ауданы – 1 гектар жер учаскесі бар 910 шаршы метр. Енді жаңа оңалту орталығы монтесорри, сенсорлық, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, дефектолог және логопед, гидромассаж және массаж, емшара кабинеттерімен, акт залымен және еңбекке оқыту бөлмесімен жасақталған», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, экс-әкімнің аталған ғимарат пен учаскені ерекше балалардың өмірі мен денсаулығы үшін күресуге көмектесетін маңызды нысанға айналдыру туралы шешімі Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуде айтылған болатын.
Вам может быть интересно: «СМИ узнали о планах Цукерберга уволить «тысячи сотрудников»»