Әлихан Смайылов Мысырда өтетін Әлем көшбасшылары саммитіне қатысады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның (COP27) Әлем көшбасшылары саммитіне қатысу үшін Шарм-эш-Шейх қаласына барды. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайты хабарлайды.

Климат жөніндегі дүниежүзілік саммиттің жұмысына 120-дан астам елдің өкілдері қатысады. Мемлекет және үкімет басшылары климаттың өзгеруінің ең өзекті мәселелері бойынша өз елдерінің көзқарасын білдіретін «ұлттық үндеу» жасайды. Саммит аясында Әлихан Смайылов бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп күтілуде.

Мысыр Президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен сәлемдесу рәсімі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте