Қазақстан жаңалықтар
6 ноября 2022, 18:20
Шымкентте сауда үйлерінің біріндегі жағдай видеоға түсіп қалды
5 қарашада Тәуке хан бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырды. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар көп жиналды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Telegram-каналынан мәлім етті.
Дүкен ашылған кезде адамдар бірін-бірі итеріп, қыса бастады. Оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін учаскелік пункттің учаскелік инспекторлары келді. Зардап шеккендер жоқ.
Еңбекші АПБ полицейлері дүкен иесі, жергілікті тұрғынды анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Вам может быть интересно: «Әлихан Смайылов заңнаманы бизнеске қойылатын артық талаптардан «тазартуды» тездетуді тапсырды»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes