Жетісу облысында төтенше жағдайлар кезінде қайтыс болғандар саны 41%-ға азайды

Жетісу облысында төтенше жағдайлар кезінде қайтыс болғандар саны 41%-ға азайды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин облыс халқымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды  ведомствоның баспасөз қызметі.

«Өңірдегі жағдай тұрақты. Есепті кезеңде қайтыс болғандар саны 41%-ға азайды. Төтенше жағдайлар саны 3,5%-ға азайды. Жалпы, төтенше жағдай орнына 1 800-ге жуық шығу жүзеге асырылды, 322 адам эвакуацияланды», - деді министр.

Ведомство басшысы министрліктің биылғы қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті. Жұмыс жоспары туралы айтып, тұрғындардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдап, Жетісу облысындағы ТЖМ бөлімшелерінің ардагерлерімен және жеке құрамымен кездесті. Министрлік қызметкерінің мәртебесін көтеру және жақын арада жалақыны ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Айта кетсек, жаңадан құрылған Жетісу облысының аумағында министрлік бөлімшелері осы жылдың тамызынан бастап жұмыс істейді: Төтенше жағдайлар департаменті, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, аудандық ТЖ бөлімдері, өрт сөндіру бөлімдері, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті, Апаттар медицинасы, «Қазселденқорғау» орталығының филиалдары.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте