1 қарашада Астанадан Павлодарға ұшақ қатынай бастайды

1 қарашадан бастап «Астана-Павлодар» бағытында тікелей әуе рейстері қатынай бастайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті.

«Мемлекет басшысының Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша «Астана-Павлодар» бағытында тікелей әуе рейстерін ашу тапсырылған болатын. Осыған орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тиісті жұмыстарды жүргізді.

Нәтижесінде биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап «Qazaq Air» авиакомпаниясы аптасына 4 рет жиілікпен әлеуметтік маңызы бар «Астана-Павлодар» авиамаршрутын орындай бастайды», - делінген хабарламада.

Аталған бағыттағы билет бағасы – 10 мың теңге. Билеттерді сату бүгінгі күннің соңына дейін басталады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте