Бұдан былай қолдан жасалған барлық монополиялар келмеске кетеді – Қазақстан президенті

 Бұдан былай қолдан жасалған барлық монополиялар келмеске кетеді. Бұл туралы бүгін Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты шарада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды  Ақорда.

«Біз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын орнықтырамыз. Еліміздің жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаты – барша азаматтарымыздың әл-ауқатын қамтамасыз ету болмақ.

Бұдан былай қолдан жасалған барлық монополиялар келмеске кетеді», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент атап өткендей, Әділетті Қазақстанды құру – барша азаматтық ортақ мақсаты.

«Әділетті Қазақстанды құру – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Біз ұлт болып ұйысып, парламент дәстүрі барынша орныққан, президенттік республика құрамыз. Жаңа Қазақстанның түпкі мәні де – осы.

Ұлттың шынайы ұлылығы дегеніміз бұл – ең алдымен, оның азаматтары, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі және елдің өркендеуі үшін жасаған адал еңбегі.

Осы ұлық мереке қарсаңында ерлігі мен еңбегін ел мойындаған бір топ азаматты жоғары мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым», - деді Мемлекет басшысы.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте