Адал еңбегімен үлгі болған 2 отбасының үлкендері мемлекеттік наградамен марапатталмақ
Елімізде бір салада еңбек етіп, мамандықты тұтас әулеттің кәсібіне айналдырған отбасылар аз емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуінде адал еңбегімен үлгі болған 2 отбасының үлкендері мемлекеттік наградамен марапатталатынын айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Используйте онлайн-конструктор резюме на сайте MyResume
«Ертең «Мерейлі отбасы» республикалық байқауы өз мәресіне жетеді. Онда бүкіл халыққа өнеге болатын үлгілі отбасылар марапатталады.
Қазақстанда нақты бір салада еңбек етіп, тұтас әулеттің кәсібіне айналдырған отбасылар аз емес. Мен жақында теледидардан Ұлытауда тұратын Әйтеновтер отбасы туралы бағдарлама көрдім. 9 баласы, 36 немересі, 70 шөбересі, 3 шөпшегі бар шаңырақ, шын мәнінде елге үлгі-өнеге болуға лайық. Соғыстан кейін мыс қорытатын зауытта еңбек еткен Жақұда марқұмның ұрпақтары әке жолын қуып, осы мамандықты таңдаған. Бұл әулеттің металлургия саласындағы жалпы еңбек өтілі – 442 жыл. Мұны нағыз адал еңбек деуге болады. Қазір шаңырақтың ата кәсібін 10 немересі жалғастырып келеді.
Жетісулық Андастар әулетін де нағыз мерейлі отбасы деуге болады. Арғы бабаларынан мирас болған 700-ден астам жәдігерді сақтап отырған шаңырақты кәдімгі мұражай десек те артық емес. Әулеттің анасы – өңірге танымал этнограф, белгілі қолөнер шебері. Олардың ұрпақтары да ата-анасының жолын жалғап, ғылым жолын таңдаған.
Мен осы екі отбасының үлкендерін жоғары мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым», - деді президент.
Вам может быть интересно: «2021 жылы жұмыс күші 2 есеге артты — Дүйсенова»