Жыл басынан бері таулы аймақтардан 75 адам құтқарылды - ТЖМ

 Қазақстан ТЖМ таулы жерлерде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесін ұсынды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстанның географиялық тартымдылығына қарай, жергілікті тұрғындар мен шетел азаматтары арасында таулы туристік маршруттар ерекше танымал. Алайда, ТЖМ ТЖ жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалиннің айтуынша, маршруттар адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді, әсіресе бұл мұндай жорықтарға дайын емес саяхатшыларға қатысты.

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы ТЖМ құтқару бөлімшелері кері қайту бағытын өз бетінше анықтай алмаған 80-ге жуық азаматты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізген. Бұл ретте 75 адам табылды және құтқарылды, оның ішінде 5 бала, 4 адамның денесі түсірілді.

Ел аумағындағы тауларда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тау маршруттарының шалғай тораптық учаскелерінде туристер түней алатын, ауа райының қолайсыздығы кезінде жылынатын және алғашқы көмектің авариялық жиынтығын (дәрі қобдишасы, мобильді құрылғыларды зарядтау станциясы, жылы көрпе және бұзылмайтын азық-түлік жиынтығы) ала алатын тау үйшіктерін салу практикасы бар. Үйшіктерде Құтқару қызметінің «112» пультіне SOS спутниктік сигналын беруге арналған дабыл түймелерімен жабдықталған радиорелелік діңгектер орнатылған. Сондай-ақ, діңгектер Wi-Fi тарату функциясымен жабдықталған.

Сонымен қатар, таулы жерлерде арнайы бақылау-құтқару пунктері құрылады. Онда іздестіру-құтқару жұмыстарына келу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік бере отырып, оқиға орнына шығуды қамтамасыз ететін құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігі жүзеге асырылады.

Іздеу жұмыстарына шұғыл ден қоюдың ажырамас бөлігі – ұшқышсыз ұшу аппараты түріндегі заманауи авиациялық технологиялар. Құтқару бөлімшелері бұл аппараттарды жоғалған туристерді іздеуге жүйелі түрде пайдаланады.

Қазақстан ТЖМ туристер мен туристік топтардың алдағы жүріп-тұру бағыттары туралы аумақтық ТЖД-ні міндетті түрде хабардар ету тәртібінің заңнамалық нормаларын енгізбек.

Айта кетсек, Калининградта Қазақстан, Беларусь Ресей төтенше жағдай министрліктерінің бірлескен алқасында «ХХІ ғасырдың цифрлық сейсмологиясы» бағдарламасы таныстырылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте