Қазақстандық зілтемірші Азия чемпионатында күміс медаль алды

Қазақстандық Арай Нұрлыбекова Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды  Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі

«Бахрейндегі Азия чемпионатында біздің құрама команданың қоржынына екінші күміс медальды Арай Нұрлыбекова әкелді. Әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақта қазақстандық спортшы қыз 221 келіні (97+124) бағындырып, жекелеген жаттығуларда екі қола медаль жеңіп алды!» - делінген Федерациясының хабарламасында.

Бұған дейін қазақстандық ауыр атлеттер Асылжан Бектай мен Зульфия Чиншанло турнирдің алтын медалін алса, Арли Чонтей «күміс» медаль иеленді.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте