Қазақстан жаңалықтар
13 октября 2022, 22:13
Өскемендегі автобустардың жартысы 10-30 жыл бұрын шығарылған
Өскемен қаласындағы автобустардың жартысы 10-30 жыл бұрын шығарылған.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында арнайы бағдарлама жүзеге асырылуда.
«2021 жылдан бастан 52 жаңа автобус алынып, шаһар ішіндегі бағыттарда қатынауда. Жыл соңына дейін тағы 29 автобус және 4 трамвай сатып алынады», - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, 2023 жылы тасымалдаушы компаниялар тағы 74 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда қаладағы автобустардың жартысы 10-30 жыл бұрын шығарылған. Ал қалған жартысының жергілікті бағыттарда жолаушы тасымалдап жүргеніне 10 жылға жетпеген.
Вам может быть интересно: «2021 жылы жұмыс күші 2 есеге артты — Дүйсенова»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes