Әрбір бесінші қазақстандық темекі шегеді

Темекіні тарту жиілігі бойынша халықтың бөлінісі келесідей: респонденттердің 16,6% темекіні күн сайын тартады, анда-санда тартатындар – 3,8%. Үйлерінде темекі түтінінің әсеріне ұшырайтын респонденттердің үлесі – 12,8%, жұмыста – 8,1%, қоғамдық тамақтану орындарында – 10,5%, олардың басым көпшілігі (93% астамы) темекі тартпайтын адамдар, деп хабарлайды ortcom.kz.

Өңірлер арасында темекі өнімдерін тұтынатындардың ең көп үлесі Қарағанды (25,4%), Павлодар және Жамбыл облыстарында (24,6%) тіркелді.

Темекі тарту ауыр ауруларды тудырады деп санайтын респонденттердің үлесі 85,5% құрайды. Қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салу туралы заңнаманың қолданылуын қолдайтындар – 67,7%.

2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы темекі тартатын респонденттердің үлесі 18-28 жас және 60(63) жас және одан жоғары жас топтарында өсті, қалған жас топтарында төмендеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте