Ақтөбе облысы битум сақтаудың қуаттылығын арттыруды жалғастыруда

3021

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында көлік инфрақұрылымы нысандарының қызметі және жол құрылысы мен жөндеу жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Мемлекет басшысының жолдардың сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жол құрылысы мәселелері облыс әкімінің ерекше бақылауында.

Ералы Тоғжанов Шалқар қаласындағы ағайынды Қалжановтар көшесіндегі жаңартылған жол төсемі мен «Оңтүстік айналма» жолының 3,6 км орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Биылғы жылдың маңызды жобаларының қатарында «Шалқар-Бозой-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автожолының 80-95 шақырымдық бөлігіндегі орташа жөндеу жұмыстары да бар. Мердігер «Жалаугер НС» ЖШС өкілі жұмыс жоспарға сай жүріп жатқанын және бір айдың ішінде аяқталатынын хабарлады.

Бұл кәсіпорын келесі жылы халықаралық автожолының 95-тен 115 шақырымға дейінгі бөлігін жөндеуге кіріседі. Мердігерлер Ералы Тоғжановқа қысқы уақытта материалдарды сатып алу және дайындық жұмыстарын жүргізу үшін алдын ала 500 миллион теңге қаражат бөлуді сұрады. Бұл сапаға кері әсерін тигізбейді, бірақ 2023 жылы жобаны жүзеге асыруды тездетеді. Облыс әкімі бұл бастаманы қолдады.

Сонымен қатар, компания Шалқар ауданында теміржол жолдарын және Ақтөбеде 5 мың тонналық битум қоймасын салуды көздеп отыр. Аймақ басшысы уәкілетті мемлекеттік органдарға аталған жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі битумды қыс мезгілінде сұраныс аз кезде барынша сатып алу міндетін қойған болатын. Бұл ретте битумды сақтау шығындары қыс пен жазда өнімнің өзіндік құнының үлкен айырмашылығына байланысты экономикалық тұрғыдан тиімді болады. Қазіргі уақытта Ақтөбеде 10 мың тоннаға арналған қойма жұмыс істеп тұр, «Батыс айналма» жол құрылысы жобасы аясында тағы 2 мың тоннаға арналған қойма салынуда.

«Жалаугер НС» ЖШС битум қоймасының құрылысы жобасын жүзеге асыру нәтижесінде облыс қысқы кезеңде 20 мың тонна битум дайындауға мүмкіндік алады. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить