Атырау МӨЗ-да технологиялық қондырғыларды жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды

2874

ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес 2022 ж 1 қазанында Атырау МӨЗ-да жөндеу-алдын алу жұмыстары басталды.

Технологиялық объектілерді жөндеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. АМӨЗ-дегі құрылғылар мұнайды екі кезеңдік жүйе бойынша өңдейді, яғни бірінен кейін бірі тоқтатылып, іске қосылады. Сондықтан нысандар жұмысын толық тоқтатпайды. Жөндеу барысында зауыт 50-70%-ға тең қуаттылықпен мақсатты өнім шығаруды және жөнелтуді жалғастырады.

Қазан-қараша айларында 692 мың тонна мұнай өңдеу жоспарланған. Мұнай өңдеудің орташа тәуліктік көрсеткіші 11 347 т құрайды. Бұл зауыттың жобалық қуаттылығының 68%-на тең. Сондай-ақ мұнай өнімдерін шығарудың орташа тәуліктік көрсеткіші: 2 400 т автобензин, 2 600 т дизельді отын, 240 т реактивті отын және 170 т сұйытылған газды құрайды.

АМӨЗ-дегі жоспарлы алдын-ала жөндеу жұмыстары Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Азаматтық қорғау туралы» Заң талаптарына сәйкес технологиялық, электркүшті, компрессорлық және динамикалық жабдықтарды қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін қондырғылардың жобалық көрсеткіштеріне қол жеткізу, экологиялық параметрлерді жақсарту және автоматтандыру құралдарын қайта қарау мақсатында жасалады.

Жоспарлы жөндеу кезінде қондырғыларда мынадай жұмыстар жүргізіледі: катализаторларды ауыстыру, ішкі инспекция, реакторлық, ыдыстық, колонналық, жылу алмасу жабдығы мен құбыр жолдарын тексеру және куәландыру.

АМӨЗ-ын тұрақты жұмыс режиміне шығару кезең-кезеңмен, 2022 жылғы қарашаның екінші онкүндігіне дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін зауыттағы жөндеу жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айына белгіленген болатын. Алайда жанар-жағар май нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды.
 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить