Алматыда жұмысы күшейтілген ХҚО-ның мекенжайы ауысты

Алматыда шетел азаматтарының жаппай келу легін ескере отырып, күшейтілген ХҚО қызметін басқа ғимаратқа көшіру жөнінде шешім қабылданды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалы мәлім етті.

«Енді шетелден келген қызмет алушылар «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметі бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданы «Құлагер» шағынауданы Қазыбаев көшесі, 286В, «Құлагер» денешынықтыру-сауықтыру орталығы ғимаратына келуге болады«, - делінген хабарламада.

Өтініштер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін қабылданады.

Еске салсақ, Алматы қаласына келіп жатқан шетелдік азаматтардың мемлекеттік қызмет алу сұранысына орай, күшейтілген қызмет көрсету орталығы ұйымдастырылған болатын.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3259 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить