Денсаулық сақтау мен әлеуметтік салаға салынған барлық инвестицияның 20 пайызы – Астана үлесінде

3512

2022 жылғы қаңтар-тамызда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 105,9 млрд теңгені құрады., деп хабарлайды Finprom.kz.

Бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 6,5%-ға артық. Күрделі салымдардың нақты көлемінің өсімі небары 4,1%-ға жетті.

Салыстырырмалы түрде: 2021 жылдың сәйкес кезеңінде секторға салынған инвестиция жылына минус 4% - 99,5 млрд теңгені құрады.

Өңірлік тұрғыда инвестицияның ең көп көлемі елорда үлесіне тиді: 21 млрд теңге немесе республика бойынша салынған инвестицияның жалпы көлемінің 19,9%-ы. Құндық мәндегі инвестицияның жылдық өсімі 72,3%-ды құрады.

Үздік «үштікке» сонымен қатар Жамбыл (11,3 млрд теңге, жылына плюс 53,6%) және Шығыс Қазақстан (11,3 млрд теңге, жылдық өсім екі есе) облыстары кірді.

Салаға салынған инвестицияның ең азы Атырау, Ұлытау және Қызылорда облыстарына тиесілі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить