Президент Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткішті ашты

3105

Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды БОРТ №1 Телеграм-арнасы.

Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.

Айта кетейік, Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішінің авторы – Нұрбол Қалиев. Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.

Салтанатты рәсімнен кейін Президент Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезовпен және қос алыптың ұрпақтарымен суретке түсті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить