ТЖ министрінің Алматы қаласының халқымен кездесуінде мүлікті табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан сақтандыру мәселелері талқыланды

2914

23.09. 2022 ҚР Төтенше жағдайлар министрінің Алматы қаласының тұрғындары алдындағы есептік кездесуінде мүлікті сақтандырудың маңыздылығы туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтып берді. Ол күн сайын банк жүздеген қазақстандықтарға тұрғын үй сатып алуға қарыз беретінін атап өтті. Олар өз мүлкін сақтандыру мәселесіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бұл азаматтарды күйзелістер мен артық шығындардан құтқарады. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, банкте 51 млн теңге сомаға 100-ге жуық сақтандыру жағдайы анықталған. Олардың барлығы бойынша меншік иелері сақтандыру төлемдерін алды. Көбінесе (47% жағдай) мүлік су басу мен өрттен зардап шегеді (36% жағдай).

- Бүгін біз өте маңызды мәселелерді көтердік. Өкінішке орай, біздің өмірімізде техногендік немесе табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар орын алады. Нарықтық экономикасы бар өркениетті қоғамда адамға ауыртпалықсыз шығуға мүмкіндік беретін құралдар бар. Бұл мүлікті сақтандыру. Біздің көпшілігімізде авто бар және біз оны міндетті түрде сақтандырамыз, бірақ көбінесе өз үйімізді немесе пәтерімізді сақтандыруға мән бермейміз. Өткен жылы біз отбасы банкінен 80 мыңнан астам қарыз бердік, биыл 58 мың қазақстандық өз баспаналарын сатып ала алды. Ипотеканың бірінші жылында біз өз клиенттеріміздің тұрғын үйлерін автоматты түрде сақтандырамыз. Мүлікті сақтандыру қымбат емес - қарыз сомасының 0,1%. Бұл шара азаматтарды күтпеген шығындардан қорғайды, - деп «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова атап өтті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить