C5+1 форматындағы СІМ басшыларының келесі кездесуі Қазақстанда өтуі мүмкін

 С5+1 форматындағы сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуінде өзекті мәселелер, сондай-ақ өңір елдері мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жөніндегі бірлескен күш-жігер талқыланды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлайды.

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының қатысуымен С5+1 форматында сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушылар қол жеткізілген уағдаластықтарды институционалдық қолдауды және үйлестірілген іске асыруды қамтамасыз етуге арналған С5+1 Виртуалды хатшылығының іске қосылуын құптады.

М. Тілеуберді өз сөзінде өңірдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығын арттыру мақсатында ішкі өңірлік диалогті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан өңірлік қауіпсіздік, климаттық өзгерістердің жағымсыз салдарына қарсы іс-қимыл жасау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және адами капиталды дамыту мәселелерін бірлесіп шешуге барынша күш салады», - деді ол.

Іс-шара соңында Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы келесі министрлік кездесуді Қазақстанда өткізуді ұсынды.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2639 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить