Елорда әуежайында декларацияланбаған iPhone 14 телефондарын елге кіргізбек болған адам ұсталды

2803

 Елорданың Халықаралық әуежайынан IPHONE 14 PRO телефондарын алып өтпек болған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында «Әуежай-Астана» кеден бекетінде Дубайдан келе жатқан халықаралық әуе рейсі жолаушыларын кедендік бақылаудан өтуі кезінде кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, сатылымға шығарылмаған, декларацияланбаған IPHONE 14 PRO маркалы ұялы телефондарының 11 данасын әкелу әрекетінің жолын кесті.

ҚР ҚМ 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығын сәйкес жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалану үшін ұялы телефондар – 1 адамға 2 бірліктен аспауы тиіс.

Ұсталған ұялы телефондар кедендік тазартудан өту үшін уақытша сақтау қоймасына орналастырылады.

Осылайша, ҚР азаматы ұялы телефондарды декларацияламағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.

Қазіргі уақытта «Әуежай-Астана» кеден бекеті бақылауды күшейтіп, декларацияланбаған телефондарды алып жүрудің жолын кесу бойынша Астана әуежайының аралас қызметтерімен тексеру іс-шараларын жүргізуде.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить