Қарағанды облысында 77 сауда нүктесінде әшекей бұйымдары сынамалық таңбасыз сатылған

 Қарағанды облысында 77 кәсіпкерлік субъектісі «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» ҚР Заңын бұзды, деп хабарлайды Сауда және және интеграция министрлігі.

«Қарағанды облысында зергерлік бұйымдарды сату саласына бармай-ақ, профилактикалық бақылау кезінде «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзу деректері анықталды.

Мемлекеттік кірістер органдары ұсынған мәліметтерді, статистиканы уәкілетті ұйымдардың деректерімен зерделеу, талдау, салыстыру заң бұзушылықтар зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалық таңбасы, сондай-ақ атаулы таңбаның бедері болмай сату түрінде жасалғанын көрсетті, - делінген ведомствоның баспасөз мәлімдемесінде.

Атап көрсетілгеніндей, заңнамаға сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдар уәкілетті ұйымдардың кодтары бар Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбасымен таңбаланады.

«Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі 77 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты заң бұзушылықтарды уақтылы жолын кесу және болдырмау, сатушыларға бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін анықталған бұзушылықтарды сипаттай отырып, хабарлама ресімдеді және жіберді», - деп хабарлайды министрліктен.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1918 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить