Қостанай облысының тұрғыны үйінде 4 келіге жуық гашиш сақтаған
«Қарасора – 2022» операциясы барысында үйінде 4 келі гашиш есірткісін сақтаған Қостанай облысының тұрғыны ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
«11 қыркүйекте «Қарасора – 2022» операциясы аясында жедел уәкілдер Аманқарағай ауылында 52 жастағы ер адамның үйінен есірткі тәркіледі. Тексеру барысында полицейлер пештен екі полиэтилен пакет тапты. Жасырын сөмкелерде жасыл, ұнтақ тәріздес, ерекше иісі бар зат сақталған. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, алынған төрт келіге жуық заттың «гашиш» есірткісі екені анықталды. Бұл салмақ аса ірі мөлшерге жатады. Ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды», - деп мәлім етті облыстық департаменттің баспасөз қызметінен.
Құзырлы орган дерегінше, жыл басынан бері Қостанай облысында 176 келіден астам түрлі есірткі тәркіленген. Оның ішінде 555 грамм героин, 18 келі гашиш және 800 грамм синтетикалық есірткі бар.
Вам может быть интересно: «Ким Кардашьян запустила частную инвестиционную компанию SKKY Partners»