Полиция қызметкерлері бір аптада 14 кісі өлтіру қылмысын ашты
Апта ішінде республика аумағында 3 мыңнан астам қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
«Бір апта ішінде 3 089 қылмыс жасалды. Оның 1 878-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 14 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 43 тонау және 470 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ол ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингте.
Онымен қатар ол жаңа оқу жылына орай еліміздің аумағында «Абайлаңыз – балалар!» акциясы басталғанын атап өтті.
«Мектептердің жанында жол белгілерінің, бағдаршамдардың, жасанды кедергілер мен таңбалардың болуы, мектеп автобустарының лицензиялары тексеріліп жатыр. Мектептерді күзетумен айналысатын ұымдарға талап қатаңдатылды. Барлық мектепті бейнебақылау жүйесімен жабдықтау аяқталды. Оларды полицияның Жедел басқару орталығына қосу іс-шаралары қабылдануда», - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Вам может быть интересно: «Десятки туристов похищены боевиками на юге Нигерии»