Астанада кран басына шыққан ер адам 5 тәулікке қамалды

26 тамызда ер адам Тараз қаласының құқық қорғау органдарымен арада туындаған проблемаға назар аудару мақсатында құрылыс кранының төбесіне шығып алған. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық сотынан мәлім етті.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтың үстінен бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғаған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-тармағында 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.

Іс материалындағы түсініктемеге сәйкес, азамат М. өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іспен келіспейді. Ол өзінің іс-әрекетін басындағы проблемаға назар аударту мақсатында жасағанын түсіндірген.

Сот азамат М-ны ӘҚБтК 434-бабы 1-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасады деп таныды және 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте