Маңғыстау облысында полицияға келген ер адам сөмкесінде бомба бар екенін айтқан
Маңғыстау облысында ер адам теміржол вокзалының полиция бөлмесіне келіп, сөмкесіндегі бомба бар екенін айтқан, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты
26 тамызда сағат 10:20 шамасында Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Маңғыстау станциясының теміржол вокзалының полиция бөлмесіне белгісіз азамат келіп, сөмкесінде жарылғыш құрылғы бар екенін айтқан.
Аталған дерек бойынша Атырау облысының 49 жастағы тұрғыны ұсталды. Оқиға орнына желілік полиция бөлімінің басшылығы, кезекші прокурорлар шықты. Аумақты қоршау үшін полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Теміржол вокзалы ғимаратынан 37 адам эвакуацияланды, теміржол вокзалының аумағы қоршалды, сондай-ақ полиция қызметкерлері автожолдарды уақытша жауып тастады. Аумақты тексеру барысында, сондай-ақ сөмкеден жарылғыш заттар табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Вам может быть интересно: «Казахстанец стал двукратным призером турнира по велоспорту на треке в Чехии»